Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады

Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады

 

  • 6 Қараша 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады, — деп хабарлайды Caravankz медиа порталы Tengrinews.kzке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті мәліметінше, өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша жан-жақты тергеу басталды.

Балқаш аудандық полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полицейдің өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша тіркелген.

"Қайтыс болған азаматтың отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болған, ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті толық жүргізіліп, жан-жақты және объектив тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалған", — деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабы шеңберіндегі өзге мәліметтер жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар