Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы тұрғын ұрлық жасады, қару сақтады және полицейлерге пара берді деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, айыпталушы жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.
Іс материалдарына сүйенсек, ол былтыр қараша айында ірі ұрлық пен заңсыз қару-жарақ ұстағаны үшін қамалған.
Тергеуде отырған кезде күдікті аудандық ІІБ қызметкеріне 36 мың доллар пара беріп, қылмыстық қудалаудан құқтылмақ болған.
Қызметіне адал полицей бұл туралы бірден басшылыққа хабар беріпті.