Алматы облысында қария адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қария адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр

Алматы облысында қария адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатыр

Жалғызбасты қария қамқорлыққа зәру! Алматы облысында өмір мен өлім арасында жатқан кейуанаға көмек берер тірі жан табылар емес. 73 жастағы зейнеткердің жалғыз ауру немересі ғана бар. Бірақ, ақыл-есі кем оның өзі төсек тартып жатқан кейуананың мазасын қашырып біткен. Ал көршілері көмек сұрап, шенеуніктердің алдына талай барған екен. Бірақ 15 жылдан бері бір басшы мұнда бас сұғып көрмепті.

  • 6 Қараша 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ойбай, ойбай… – Болды, болды.

Күлғайша әжей үшін еңсесін көтеріп отырудың өзі мұң. Осылай төсек тартып жатқанына 30 жылға жуықтаған.

Күлғайша Ұсаева:

— Ой, көп болды менің ауырғаныма…27 жыл болды менің ауырғаныма.

Зейнеткердің 3 баласы да қатар көз жұмған екен. Ал қасында қалғаны – жалғыз ауру немересі ғана. Ақыл-есі кем бала үйдің есік-терезесін қиратқанымен қоймай, хәл үстінде жатқан әжесіне де қол көтереді екен.

Айнаш Оразова, көршісі:

— Апаның шыңғырып, айғайлап жатқан даусы естіледі. — Апа бекер шыңғырмайды. Ол не ұрады, не тепкілейді жатқан жерін.

Қазір кейуанаға ара-тұра аталас туыстары қарап жүр. Ал зейнетақысы отын-су мен дәрі-дәрмектен артылмайды. Кембағал жандардың мүшкіл жайын айтып, ағайын-туыс аудандық әлеуметтік көмек көрсету орталығына да, әкімдікке де талай барған. Бірақ ешқайсынан қайыр болмай тұр.

Салтанат Ұсаева, туысы:

— Біз әкімдікке  бардық талай.  Қасына отыратын адам не көмек сұрап. не Ондай заң жоқ деді. Қайтарып жіберді, өзің қара деді.

Кейуананың қазір жалғыз арманы қарттар үйіне жету. Оған да талай құжат керек екен. Анықтама жинауға қарттың өзі әрине қауқарсыз. Ал әкімдік 15 жылдан бері хабардар екен. Бірақ көмек қолын созуға сонша уақыттан бері мүгедектерге арналған көлікті күтіпті. Оны алдық, енді Күлғайша Ұсаеваға жағдайдың бәрін жасаймыз деп соқты бүгін ауыл әкімі.


Ержан Әмірденов, Бәйдібек би ауылының әкімі:

— Мүгедектерді  таситын таксиды аудан әкімдігі сатып алды. Қазір ол қызмет жасап тұр. Біз міндетті түрде ол кісіге сол таксиді шақыртамыз. Сосын туысқандарынан бір адам міндетті түрде болуы керек. Оны комиссияға апарып, бағдарламаға жолдама алғаннан кейін ол кісіге бағдарламаға сәйкес жеңілдіктер тағайындалады.

Осылайша шенеуніктер уәдені тағы үйіп-төкті. Тек өлім мен өмір арасында жатқан әжейдің көмекті енді жылдап күте алмайтынын жергілікті басшылар ұқса жақсы.