Жарияланды: 430

Алматы облысында қатқақ болады- Қазгидромет

7-8-сәуірде Алматы облысында күн райы 0-5 градусқа дейін суытып, қатқақ болады деп күтілуде. Бұл туралы "Казгидромет" РМК-ның хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі ескерту жариялады.

Сондай-ақ, ылғалдың мол түсуіне байланысты 6-7-сәуірде ауа райын бақылаушылар Алматы облысының тау өзендерінде тасқын болып, кей жерлерде сел жүруі мүмкін екенін ескертеді. 6-сәуірде Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы тау өзендерінде тасқын болу, көшкін түсу мүмкіндігі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін