Алматы облысында Қазақстанның Ұлттық олимпиадаға дайындық базасының құрылысын салуға 12 млрд. теңге қажет - ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында Қазақстанның Ұлттық олимпиадаға дайындық базасының құрылысын салуға  12 млрд. теңге қажет - ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі

Алматы облысында Қазақстанның Ұлттық олимпиадаға дайындық базасының құрылысын салуға 12 млрд. теңге қажет - ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі

Алматы облысында жазғы спорт түрлері бойынша Қазақстанның Ұлттық олимпиадаға дайындық базасының құрылысын салуға 12 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін, 2-қыркүйекте Қазақстан құрамасының 2004-жылы Афины қаласында өткен 28-Олимпиада ойындарына қатысу қорытындысына орай Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2004
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық олимпиада базасы қонақүй, бірнеше медициналық орталық, атыс алаңы, жабық жеңілатлетикалық манеж бен ашық жеңілатлетикалық стадион, бокс және штанг залдары, 50 метрлік бассейннен құралған кешен болмақ. Яғни, онда спорттың бүкіл жазғы олимпиадалық түрлері өкілдерінің дайындығына арналған қазіргі заманғы спорттық ғимараттар салынады»,- деді Д.Тұрлыханов. Оның айтуынша, «көршілес Қытай мемлекеті орташа биіктікті таулы аймаққа жататынына қарамастан олимпиадаға дайындалуға арналған осындай 15 орталық салып үлгерді». «База салу ұйғарылған Алматы облысының Қарасай ауданындағы ауа райы мен жер бедері соған ұқсас», деді Агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен жобаның техника-экономикалық негіздемесі жасалып, тиісті жобалық-сметалық құжаттары әзірленді, қаржыландыру жұмыстары жоба үкіметте бекітілгеннен кейін қолға алынады. «ҚР индустрия және сауда министрлігі құрылыс комитетінің сараптамасы бойынша жобаны жүзеге асыруға 12 млрд. теңге қажет»,- деді Д.Тұрлыханов. Ол сондай-ақ, «ұлттық олимпиада базасын құру туралы ұсынысты Елбасының қолдағанын» жеткізді.

Соңғы жаңалықтар