Алматы облысында Қазпошта бөлімінің басшысы зейнетақы және жәрдемақыға бөлінген 2 млн. теңгені жымқырған
![]() |
Ұйғыр аудандық сотының өндірісіне Ұйғыр ауданы Ават ауылдық «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс бөлімінің басшысы М.Машраповқа қатысты қылмыстық іс түсті. |
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу органдары анықтағандай, М.Машрапов 2015 жылғы мамыр-маусым айлары аралығында өзінің қызметін пайдаланып, 1 935 879 теңге мөлшеріндегі қаражатты заңсыз иеленген. Көрсетілген ақшалай сома зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы алатын ауыл тұрғындарына тиесілі болған.
М. Машраповқа ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармағы бойынша айып тағылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін