Алматы облысында салықшы жүкті келіншек пен 4 жасар қызын қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында салықшы жүкті келіншек пен 4 жасар қызын қағып кетті

Алматы облысында салықшы жүкті келіншек пен 4 жасар қызын қағып кетті

Қымбат көлік тақымдаған мемлекеттік қызметкер төл мерекесі қарсаңында адам қақты. Алматы облысы Ұйғыр аудандық салық басқармасының басшысы мейрамды ерте бастап кетсе керек, ащы судан ұрттап көлік тізгініне отырған.

  • 24 Маусым 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz


Жылдамдық сүйгіш салықшы оңтүстік астананың көшесімен жүйткіп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан 4 жасар қыз бен оның аяғы ауыр анасын қағып кетті. Ауыр жараланған жүкті ана мен бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Ал оқиға орнынан бой тасаламақ болған Бақыт Құрмашевті куәгерлер ұстап алып, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Полицейлер келе салысымен, салық басқармасының басшысы, қызметтік куәлігін көрсетіп, жауапкершіліктен сытылып кетуге әрекет етіпті. Оның үстіне Құрмашевтің ауызынан арақ иісі мүңкіп тұрған дейді куәгерлер.