Алматы облысында сел жүрді
Нөсер салдарынан 16-шілдеде Алматы облысындағы Ақсай сайындағы Ақжар өзенінен сел жүрді,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агенттігі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
Селдің жылдамдығы секундына 4 текше метрді құрады.
Агенттік мәліметіне қарағанда, сел салдарынан Кордон-Көклайсай саяжайлары бағытындағы автожол бітеліп қалған . Қазір бұл жолдағы көлік қозғалысы тоқтатылды. Ақсай шатқалына кіре берісте полиция жасағы орналастырылды.
Ал саяжайларға Көклайсай шатқалы арқылы өтетін автожолмен жетуге болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін