Алматы облысында сел жүру қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сел жүру қаупі бар

Алматы облысында сел жүру қаупі бар

Алматы облысындағы тауларда температуралық фонға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. «Таяуд

  • 28 Шiлде 2017
  • 355
Фото - Caravan.kz

Алматы облысындағы тауларда температуралық фонға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Таяудағы үш тәулікте 29-31 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қауіпі бар», — делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

29-31 шілдеде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады.


Күндізгі уақытта термометр көрсеткіштері + 35…40°, кей жерлерде 43°С көтеріледі.

Еліміздің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 31 шілдеде ыстықтың беті қайтады, бірақ демалыс күндері ауа райы кей өңірлерде + 37…41° болады.

Соңғы жаңалықтар