Оқиға орнына Өтеген батыр ӨБ-3 кезекші қарауылы жетті. Өрт 6875 шаршы метрді шарпыған.
Алматы облысы ТЖ департаментінің хабарламасына сәйкес қызыл жалынның жайылуына өрт сөндірушілерге кешірек хабарласқаны себеп болған. Өрт 04 сағат 18 минутта оқшауланып, 06 сағат 15 минутта ауыздықталды.
Кімнің кінәлі екені және материалдық шығын анықталу үстінде.

