Жарияланды: 130

Алматы облысында шіркеу өртенді

Алматы облысында шіркеу өртенді

Алматы облысына қарасты Түрген ауылында орналасқан ағаштан жасалған шіркеуде өрт шықты

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ақпаратты төтенше жағдай жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Бүгін сағат үш шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Архангел Михаил шіркеуінің шатырының өртенгені жайлы хабар жетті. Ғимарат ағаштан жасалған. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары жұмылдырылды», - дейді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, қажет мөлшердегі судың Түрген өзенінен алынатынын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін