Алматы облысында штаттан тыс полиция қызметкерлері іске кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында штаттан тыс полиция қызметкерлері іске кірісті

Алматы облысында штаттан тыс полиция қызметкерлері іске кірісті

Алматы облысының Қаратал ауданында 40 адам полицияның штаттан тыс қызметкері деген куәлікке ие болып, жұмысқа кірісті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі басшысы Ғалым Назарбаев хабарлады.

  • 23 Ақпан 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

Штаттан тыс полиция қызметкерлері аудандағы барлық ауылдық округтерге таратылды. Олар полицияға қолұшын беріп, қоғамдық тәртіпті қадағалау міндетін атқарады. Штаттан тыс полиция қызметкерлері өз еріктерімен ақысыз жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың арасындағы ең белсенділері материалдық тұрғыда марапатталатын болады.

Ғ.Назарбаевтың айтуынша, айрықша белсенділік танытқан штаттан тыс қызметкерлер ішкі істер органдарына жұмысқа шақырылуы мүмкін.