Алматы облысында су бөгетінің жарылуы: қазір не болып жатыр – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында су бөгетінің жарылуы: қазір не болып жатыр – видео

Алматы облысында су бөгетінің жарылуы: қазір не болып жатыр – видео

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі

  • 22 Қараша 2021
  • 2436
Фото - Caravan.kz

 Алматы облысы Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар қызметі Книжевского су қоймасындағы бөгеттің жарылуынан кейінгі жағдай туралы айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке ілтеме жасап хабарлайды. 

22 қараша 7 сағат 30 минуттағы мәлімет бойынша, Мыңбаев ауылындағы бөгетте су деңгейі төмендеді.

"Су жарылған бөгеттен ағып жатыр. Оның ені 4 метр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 куб метр. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жол арқылы да су ағып жатыр. Ағынды судың тереңдігі 5 сантиметр, енді 30 метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеді", — деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбек Жанаев.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында орналасқа Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлады.


Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те жарылды.

 

Соңғы жаңалықтар