Алматы облысында сүйіктісін сағынған қыз үйден қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сүйіктісін сағынған қыз үйден қашып кеткен

Алматы облысында сүйіктісін сағынған қыз үйден қашып кеткен

Алматы облысында бір апта бойы іздеуде болған қыз табылды.

  • 8 Қаңтар 2018
  • 156
Фото - Caravan.kz

17 жастағы бойжеткен сүйіктісіне қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаратал ауданының полицейлеріне Үштөбе қаласының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, 1 қаңтар күні кәмелеттік жасқа толмаған қызы үйден шығып кетіп, оралмаған. Өз беттерінше іздеу жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтиже бермепті», — деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жоғалған қыз Алматы қаласынан табылды. Ол жақта оның сүйіктісі тұрады екен. Бойжеткеннің ғашығы  да Үштөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Іздестіру барысында қос ғашықтың мекен еткен жері анықталды. Қазір кәмелеттік жасқа толмаған студент қыз ата-анасымен бірге. Ата-анасымен тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған бойжеткен  есепке қойылып, полицейлер онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Үштөбе қаласының тұрғыны сүйіктісіне бару үшін көршісінің көлігін айдап кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар