Алматы облысында тағы да үш адам кәріз тазалайымын деп қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тағы да үш адам кәріз тазалайымын деп қайтыс болды

Алматы облысында тағы да үш адам кәріз тазалайымын деп қайтыс болды

Алматы облысының Қапшағай қаласында кәріз құбырын тазалау барысында  үш жұмысшы қаза тапты.

  • 29 Тамыз 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 тамыз күні түске дейін болған, деп жазды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Қапшағай су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының үш слесарі №10 кәріз жүйесінің сору станциясындағы  құдықты тазалау жұмыстарын атқарып жатқанда метан газынан уланып қалған. 

Көз жұмғандар 1964, 1965 және 1967 жылы туған үш жұмысшылар. 


Қазір құзырлы органдар қайғылы оқиға себептерін анықтап жатыр.