Алматы облысында тағы үш үй карантинге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тағы үш үй карантинге жабылды

Алматы облысында тағы үш үй карантинге жабылды

 

  • 18 Мамыр 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Талдықорғанда үш тұрғын үй карантинге жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста коронавирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелген. Барлығы — Талдықорған қаласының тұрғындары. COVID-19 ПТР талдауы арқылы анықталған.

"Алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген науқастар Талдықорған әскери госпиталіне ауыстырылды. Олармен 15 адам байланыс жасаған. Барлығын медицина қызметкерлері бақылауға алды. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Талдықорған бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қаладағы үш үй 14 күндік карантинге жабылған.


"Бұл үйлерде коронавирус жұқтырып ауырып қалған науқастармен байланыста болған 135 адам анықталды. Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 209-ға жетті. Соның ішінде Талдықорған қаласында 10 жағдай тіркелген", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар