Жарияланды: 420

Алматы облысында таксистерді өлтірумен шұғылданған топ әрекеті тойтарылды

Алматы облысында бірнеше кісі өліміне және көлік ұрлығына барған деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне бүгін облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Тергеу шаралары нәтижесінде Қарасай ауданының тұрғыны ұсталды, одан жауап алу барысында сыбайлас болған Тараз тұрғындарының ізіне түсуге мүмкін болды", - деп облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмент мәлімдеді. Қылмыстық топ мүшелері жергілікті таксистерді өлтіріп, олардың көліктерін ұрлайды да, Тараза апарып сатқан. К.Нұрахметовтың мәлімдеуінше, ұсталғандар екі кісі өліміне қатысты кінәларын мойындаған, сонымен қатар олардың тырнағынан аман қалған тағы бір таксист оларға қатысты айғақтар келтірген. Қазір ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть