Жарияланды: 590

Алматы облысында төрт жылда барлық көпірдің оннан бірі ғана жөнделді

2006-2010 жылдар арасында Алматы облысындағы республикалық маңыздағы жолдардағы барлық 213 көпірдің небәрі 22-сі ғана,

яғни оннан бірі ғана жөндеуден өткізілген. Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің «Қазақстанның жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ 2010 жылы 33 көпірді зерттеген. Соның барысында тек үш қана көпірдің жағдайы қанағаттанарлық екені, ал қалған 30-ы апатты жағдайда тұрғаны анықталған. Прокуратурадағылардың пікірінше, бұл мәселені кейінге ысыра беру - жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті күн сайын арттыра түседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін