Облыстық полиция ұйымдастырған жедел-алдын алу шарасының мақсаты арты апатқа әкеп соғатын жол ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау болды. Әсіресе, мас күйінде көлік айдаушылар осындай жағдайға жиі ұшырайды.
Үш күн ішінде полицейлер жол жүру ережелерін өрескел бұзған 1863 жағдайды анықтады. Рейд шаралары барысында тәртіп сақшылары мас күйінде көлік басқарған 83 жүргізушіні ұстады.
Бұзушылықтар негізінен Алматының оңтүстік өңірлері — Қарасай, Іле, Жамбыл аудандары мен Қапшағай қаласынан анықталды.
«Мас күйінде көлік жүргізген 83 жүргізушіге қатысты материалдар тиісті шара қолдану үшін сот органдарына жіберілді», — деп атап өтті облыстық ІІД.