Облыстың Көксу ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 212-шақырымында 5-қазан күні кешкісін «Мерседес-Бенц» шағын автобусы «ВАЗ-21011» автокөлігімен соқтығысу салдарынан «Жигули» жүргізушісі мен екі жолаушы жан тәслім етті. Шағын автобустың жүргізушісі мен ішінде 4 және 5 жастағы екі бала бар тағы 11 жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сол күні Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 19-шақырымында «Ауди» жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан 21 жастағы бір жолаушы әйел мерт болып, 18, 15 және 13 жастағы жасөспірімдер мен омыраудағы бөбек ауруханаға жатқызылды.
Қарасай ауданы Каменка ауылында Алматы-Жандосов тас жолының 16-шақырымында «ГАЗ-3507» және «Фольксваген» автокөліктері соқтығысу салдарынан бір жолаушы мерт болып, тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.