Алматы облысында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматы ұсталды

Алматы облысында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматы ұсталды

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 393
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қару» шұғыл алдын алу іс-шарасы жүргізілген алғашқы тәуліктерде полиция қызметкерлері Алматы облысының Райымбек ауданында «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағында заңсыз аң аулағаны үшін Қырғызстанның екі азаматын ұстады.

Олардан екі аңшы мылтығы (16-шы калибрлі, қос ауызды), екі ат, лайка тұқымды ит пен өлтірілген қабан тәркіленді.

«Қоршаған ортаға келген шығынның алдын-ала көлемі 233 мың 600 теңгені құрауда. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандар уақытша тергеу абақтысына қамалды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар