Жарияланды: 300

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 4 ер адам мерт болды

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 4 ер адам мерт болды

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 4 ер адам мерт болды.

Тағы бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түнде Алматы-Өскемен  тас жолының 119-шы шақырымында яғни, Шеңгелді ауылы маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, бір бағытта келе жатқан жеңіл автокөлік «Камаз» жүк көлігінің астына кіріп кеткен. «Volkswagen Vento» көлігінде болған  4 ер адам көз жұмды, 21 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Жеңіл көлік тізгінінде 34 жастағы  Көксу ауданының тұрғыны болған. Ал, «Камаз» жүргізушісі ШҚО Үржар ауданының 1991 жылғы тұрғыны. Аталған ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. «Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-ші тармағына сәйкес іс қозғалды. Тергеу жұмыстарымен облыстың анықтау басқармасы айналысуда», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін