Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: 3 адам көз жұмып, 4 адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: 3 адам көз жұмып, 4 адам ауруханаға түсті

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты: 3 адам көз жұмып, 4 адам ауруханаға түсті

Алматы облысында жол апаты болып, үш бірдей адам көз жұмды.

  • 15 Шiлде 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Жантүршігерлік жол апаты бүгін түскі уақытта болды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген суреттер мен видеолар Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адамның көз жұмғанын хабарлады. 

«Жол-көлік оқиғасы Алматы – Көкпек – Көктал автожолынан 40 километр қашықтықта болды. Осы жерде Toyota Highlander мен 21014 лада соқтығысқан. Төрт адам әртүрлі жарақатпен Есік ауруханасына жеткізіліп, тағы үш адам көз жұмды», — деді баспасөз қызметіндегілер. 

Зиян шеккендердің арасында екі бала бар. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 


Соңғы жаңалықтар