Ақпаратты Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі растады, белгісіз ер адам Ақдала ауылының екі тұрғынын пышақтап кеткен факті 4 маусымда Балқаш ауданында тіркелген. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі жергілікті ауруханаға жеткізілді.
«Балқаш АІІБ қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оған іздестіру жарияланды. Қашып жүрген Бақанас ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Кеше жергілікті полицейлер оны ұстап, қамауға алды. Қазіргі уақытта ол аса ауыр қылмыс жасағаны жайлы дәлелді айғақ берді», — деп атап өтті облыстық полициядан.
Қылмыстық істі тергеу ІІД тергеу басқармасына тапсырылды, тексеру барысында істің мән-жайы анықталады.