Алматы облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, үш адам жарақаттанды
Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апаты салдарынан ішінде 7 жасар бала бар үш адам мерт болып, тағы да үш адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Агенттік ақпаратына сәйкес, апаттың орын алуына "Ауди-80" автокөлігінің жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмау салдарынан жол шетіндегі бөгетке соғылуы себепкер болған. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін