Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, бес адам қаза тауып, үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті.

  • 8 Тамыз 2022
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Алматы – Шонжы тасжолында жантүршігерлік жол апаты болған жерде түсірілген видео тарап кетті. Жазба авторының айтуынша, апат көліктердің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан болған.

Алматы облысының полициясы 6 тамыз күні кешкі сағат 20:40 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Audi және Renault көліктері соқтығысқанын хабарлады. Audi көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Алматы – Көкпек – Көктал автожолымен шығыс бағытта келе жатып, рөлді басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

"Оқиға орнында бес адам қаза тапты. Түрлі дене жарақатымен үш кәмелетке толмаған бала Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптаманы тағайындады", — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар