Алматы облысында жыл басынан бері 37 адам суға кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жыл басынан бері 37 адам суға кеткен

Алматы облысында жыл басынан бері 37 адам суға кеткен

[wpcode id="1694287"] Алматы облысындағы су қоймаларында жыл басталғалы 81 төтенше жағдай болып, 37 адам суға кетті. Қайғылы жағдайға т

  • 20 Шiлде 2017
  • 237
Фото - Caravan.kz


Алматы облысындағы су қоймаларында жыл басталғалы 81 төтенше жағдай болып, 37 адам суға кетті. Қайғылы жағдайға тап болғандардың тең жартысы – балалар мен жасөспірімдер, деп хабарлады 24.кз.

Төтенше жағдайлардың көбі әсіресе Алматыдай алып шаһардың іргесіндегі Қапшағай мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналында және Қарасай ауданындағы егіс алқаптарына арналған су қоймаларында жиі қайталанады екен. Күні кеше ғана көл жағасына отбасымен демалуға барған бала қараусыз қалып, Алакөлге батып кеткен. Дәл осындай жағдай Жамбыл ауданында да тіркелді. Сол себепті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылары тұрғындарға аса сақ болуды, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмаудын ескертеді. Дарынбек Байсариев, Алматы облыстық ТЖД басшысы: – Мұның бәрі азаматтарымыздың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып отыр. Арықтарға шомылады, өзенге шомылады. Қараусыз жерлерге, белгіленбеген жерлерге шомылады. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керек. Су жағасында, демалыс орындарында соларды үнемі қадағалап отырса, бүгінде мұндай статистика болмас еді.

 

Соңғы жаңалықтар