Алматы облысындағы атысқа меншік иесін анықтау мәселесіне қатысты туындаған дау себеп болған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы атысқа меншік иесін анықтау мәселесіне қатысты туындаған дау себеп болған

Алматы облысындағы атысқа меншік иесін анықтау мәселесіне қатысты туындаған дау себеп болған

Астана. 5-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы атыс Боралдайдың жөндеу-механикалық зауыты кәсіпорынының акционерлері арасындағы меншік иесін анықтау мәселесіне қатысты туған даудың салдарынан болған. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Қараша 2007
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Кеше Алматы облысының Іле ауданының кезекші бөліміне Боралдай ауылындағы жөндеу-механикалық зауытының аумағында атыс болып жатқандығы туралы хабар келіп түскен. Оқиға болған жерге Іле АІІБ мен облыстық ішкі істер департаментінің жедел топтары барған болатын», — деп хабарлады Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, екі акционерлер тобының арасында ұзақ уақыттан бері «кәсіпорынның меншік иесін анықтау мәселесіне қатысты дау туындағандығы» белгілі болды.

«Осы кәсіпорынның шынайы иесінің кім екендігін шешпек болған кездесудің бірінде туындаған дау-жанжал барысында тараптар атыс қаруын пайдаланған. Атыс салдарынан бірнеше адам зардап шеккен — олардың барлығы атылған оқтан жарақаттар алған»,- деп хабарлады Бағдат Қожахметов.

Оның ақпараттарына сүйенсек, зардап шеккендер Алматы мен Алматы облысының ауруханаларында жатыр. «Оқиға болған жерді тексеру кезінде зауыт аумағынан екі газ тапаншасы, жансыздандыру қаруы, екі ОСА тапаншасы, және көптеген оқтар табылып, тәркіленді», деп нақтылады ол.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы дерлік жергілікті АІІБ қамалған, оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- деп қорытындылады баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті