Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінде болған атыс салдарынан 5 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінде болған атыс салдарынан 5 адам зардап шекті

Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінде болған атыс салдарынан 5 адам зардап шекті

Алматы. 5-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірінде болған атыс салдарынан 5 адам зардап шекті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы облысының Ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 5 Қараша 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер департаментінің ақпараттарына сүйенсек, 4-қарашада 11.50 кезекші бөліміне Боралдай аулындағы жөндеу-механикалық зауытында атыс болғандығы туралы хабар келіп түскен. Оқиға болған жерге Іле АІІБ мен облыстық ішкі істер департаментінің жедел топтары барған.

«Атыс зауыттың күзетшілерінің арасында болған. Полицейлер күзетшілерден тегіс оқпанды қару, газбен жансыздандыратын тапаншалар тәркілеген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады облыстың ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Асқар Оспанов.

Оның айтуынша, кәсіпорында бірнеше жылдан бері «зауыттың директорлары С. Герасимов пен В. Мешковтың арасында» мүліктік дау туындаған. Осы даудың салдары кәсіпорын күзетшілерінің арасындағы атысқа әкеп соқтырып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті