Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды тірі құтқарудан әлі де үмітті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды тірі құтқарудан әлі де үмітті

Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды тірі құтқарудан әлі де үмітті

Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды тірі құтқарудан әлі де үмітті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының оперативті кезекшісі хабарлады.

  • 17 Мамыр 2004
  • 378
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен лай көшкін түскен жерден 5 мың текше метр лай-батпақ алынды. Құтқарушылардың айтуынша, бұл түскен көшкіннің бестен бір бөлігі ғана. «Алма» саяжай қоғамының аумағында түскен көшкіннің жалпы көлемі 25 мың текше метрді құрайды.

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, мамырдың 12-сінен 13-іне қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы сайында лай көшкін түсті. Алдын-ала жорамал бойынша, лай-көшкін көлемі 3-4 мың текше метрді құраған. Оқыс оқиға салдарынан екі үй лайсаң астында қалды. Құтқарушылардың жорамалы бойынша, көшкін түскен кезде үйлердің бірінде екі адам болғанға ұқсайды.
Төтенше жағдай болған жерде Республикалық шұғыл құтқарушы отрядының құтқарушылары, Алматы облыстық және Қарасай аудандық өртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Құтқару жұмыстарына 200-дей адам қатысуда. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасын тапты. Ақырғы нәтижеге қол жеткізбейінше, іздестіру жұмыстары толастамайды дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар