Кадет сыныбында барлығы 28 бала білім алады. Олардың 20-сы ұл балалар, 8-і қыз балалар, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметінен.
6-11-сынып аралығында кадеттер түске дейін жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, түстен кейін әскери-патриоттық тәрбие, сапқа тұру, тактикалық, әскери-медициналық дайындық пәндерін оқиды. Сондай-ақ, әскери топография мен шекара қызметінің негіздерін меңгереді.
Оқу бағдарламасына із кесу, иттерді үйрету, мәдениеттану негіздері және шығыс жекпе-жектері енгізілген.