Жарияланды: 440

Алматы облысындағы тауларда көшкін түсу қаупі сақталып отыр

Соңғы тәуліктерде күннің ұзақ мерзімге қатты қызынуына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында 16-17-сәуірде көшкін түсу қаупі сақталып отыр. Бұл туралы "Казгидромет" РМК-ның хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығынан ескерту жариялады.

Көшкін түсу қаупіне байланысты Алматы қалалық және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына адам шығынына жол бермеуге кешенді шаралар қолдануды тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін