Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«Алматы облысы бойынша 16 аудан мен 3 қала бар. Яғни, осы 19 аудан мен қаланың 15-де 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.Бүгін ауа температурасы -25 градусқа жеткен елді мекендерде сабақтар тоқтатылды. Ертең де үскірік аяз сақталатын болса бастауыштың балалары оқымайды», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова.
Сондай-ақ Майгүл Тілеутайқызының айтуынша, Қарасай, Райымбек, Панфилов аудандары мен Текелі қаласының мектептері толық режімде жұмыс істеп тұр. Бұл жерлерде сабақтар тоқтатылмаған. Мәселен Панфилов ауданында ауа температурасы -18 градусты көрсетсе, Райымбекте -19, Қарасайда -20-23, ал Текелі қаласында -19 градусқа төмендеген.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Казгидромет мамандарының болжауына қарағанда, 24-29 қаңтар аралығында облыс аумағы бойынша ауа температурасы -25-30, кей жерлерде -30-35 градусқа дейін төмендейді. Талдықорғанда -25-35 градусқа дейін қатты аяз болады деп болжанып отыр. ТЖД-ның қызметкерлері халықты барынша абай болуға, үскірік аяз кезінде үйден шықпауға кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар
2030 жылға қарай денсаулық сақтау мамандарына тапшылық артады
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Мектеп түлектеріне «Алтын белгі» қай уақытта табысталады
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Су тасқыны салдарынан Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолы жабылды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Семей орманы" резеватының адам аяғы жету қиын жерлері өртенді
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Өзіңіз ғана шешім шығармай, халықтың пікірімен санасыңыз": Дәулет Мұқаев оқу-ағарту министріне қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Астанада ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері ағаш отырғызды
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Су тасқыны": 12 мың отбасы мемлекеттік қолдауға ие болған
Жаңалықтар
26 Сәуiр
"Мәхірді қою керек, тауық ми қыздар аспандағы айды сұрайды": Танымал журналист мәхірге қарсы шықты
Жаңалықтар
26 Сәуiр