Алматы облысының полицейлері «Мерседес» жүргізушісіне қару қолдануға мәжбүр болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының полицейлері «Мерседес» жүргізушісіне қару қолдануға мәжбүр болды

Алматы облысының полицейлері «Мерседес» жүргізушісіне қару қолдануға мәжбүр болды

Алматы облысының полицейлері заңды белшеден басқан азаматтың автокөлігін тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болды.

  • 28 Мамыр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Алматы-Өскемен тас жолында болған.

Mercedes-Benz S-класына жататын көлік жүргізушісі жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтатқанына қарамастан, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған.

«Ол ізіне түскен полицейлерді адастырып кетпек оймен Жетіген ауылына апаратын жолға түскен. Тұрғындардың өміріне қауіп төнетінін сезген патруль экипажы автокөліктің дөңгелегіне оқ атуға мәжбүр болды», — делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, заң бұзушы 30 жастағы азамат Талғар ауданының тұрғыны болып шықты.


Қырғызстанда тіркелген «Мерседес» көлігінің Қазақстанда жалған нөмірмен жүргені анықталып, көлік арнайы тұраққа жөнелтілген.

Жүргізушінің үстінен алты бірдей әкімшілік хаттама толтырылды.