Алматы облысының төрт ауданының әкімдері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының төрт ауданының әкімдері тағайындалды

Алматы облысының төрт ауданының әкімдері тағайындалды

Талдықорған. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарасай ауданының әкімі Болат-би Құтпанов пен Талғар ауданының әкімі Кенжебек Омарбаевтың қызметтерінен босатылуына байланысты облыс әкімі Серік Үмбетов Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес аудандық мәслихаттар сессияларының қарауына аудандардың жаңа басшыларының кандидатураларын ұсынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қараша 2007
  • 555
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, халық қалаулыларының бірауыздан қолдауынан кейін облыс басшысы өзінің өкімімен Қарасай ауданының әкімі қызметіне — бұған дейін Жамбыл ауданы әкімінің қызметін атқарған Анзар Мұсахановты; Жамбыл ауданының әкімі қызметіне — бұған дейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болып істеген Ләззат Тұрлашевті; Талғар ауданының әкімі қызметіне — Сарқан ауданын басқарған Талғат Өмірәлиевті; Сарқан ауданының әкімі қызметіне — осы аудан әкімінің орынбасары болып істеген Сексембай Бекішевті тағайындады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті