Жарияланды: 980

Алматы облысының тұрғынына ұрланған бір отар қой қайтарылды

Алматы облысының тұрғынына ұрланған бір отар қой қайтарылды

Полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынына ұрланған бір отар қойды қайтарды.

70 қойдан тұратын отарды белгісіз біреулер тамыз айының басында Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының тұрғынынан айдап кеткен, отар иесі өтінішпен жергілікті полицияға жүгінген. Шығынды екі миллионнан астам сомаға бағалады.

«Жедел шаралар барысында күдіктінің кім екені анықталды, ол көрші Төле би ауылының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұдан бұын ол есірткі сатып, сақтағаны үшін сотты болған.  Алматыда бой тасалаған ұры қолға түсті. Қазірде зардап шегушіге шығын ішінара төленді», - деп хабарлады Еңбекшіқазақ АІІБ бастығының орынбасары Сымбат Әбілдаев.

Ұрланған қойларды мал базарына апарып сатқаны белгілі болды. Полицейлер бірнеше сатып алушыларды анықтап, ұрланған 46 қой заңды иесіне қайтарылды.

«2015 жылдың басынан бастап өңір полицейлері Алматы облысында барымташылар қолды еткен 800 жылқы, 650 бас ірі қара мал, 640 қойды іздеп тауып, иелеріне қайтарған», - деп атап өтті облыстық полициядан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін