Жарияланды: 470

Алматы орталығында жарылыс болды, алдын-ала жорамал бойынша қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған

Бүгін, 12-мамырда Алматы орталығында 16 сағат 10 минут шамасында Желтоқсан және Гоголь көшелерінің қиылысында жарылыс болды. Алдын-ала жорамал бойынша қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған сыңайлы,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиғадан бір адам зардап шеккен. Жарылыс болған жерден тапанша, шеге салынған дорба мен ресей рубльдері табылған. Қазір оқиға орны қоршауға алынды. Төтенше оқиға болған жерде өрт сөндірушілер, Алматы қалалық ІІББ мен Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін