Алматы орталық мешіті «құрбан шал» шарасын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы орталық мешіті «құрбан шал» шарасын бастады

Алматы орталық мешіті «құрбан шал» шарасын бастады

Орталық мешіт қызметкерлерінің айтуынша, аталған шараның мақсаты құрбан шалу қарсаңында көмекшілер мен құрбандыққа қаржы аударатын

  • 25 Тамыз 2016
  • 595
Фото - Caravan.kz

Орталық мешіт қызметкерлерінің айтуынша, аталған шараның мақсаты құрбан шалу қарсаңында көмекшілер мен құрбандыққа қаржы аударатын адамдарды тарту. Себебі, Құрбан айт қарсаңында көптеген мұсылмандар түрлі қиындықтарға тап болып жатады екен. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Мейрам таяған уақытта құрбандыққа шалуға лайықты малды іздеп табу, оны сақтау, Алматы әкімдігі белгілеген арнайы орындарда сою және тиісті мұқтаж жандарға тарату жұмыстарының өзі машақаты көп жұмыс.

Биыл осымен үшінші мәрте өтетін Құрбан шалу акциясына жылдағыдай адам қатысады, деп болжап отыр орталық мешіт қызметкерлері. Сондай-ақ олар биылдан бастап ақшаны тікелей «Ихляс» қайырымдылық қорына аударуға болатынын айтады.

Жалпы шараның алғашқы жылы жеті адамнан бірігіп 20 ірі қара мал құрбандыққа шалынған. Биыл да сол шамалас болмақ. Ал етінің үштен бір бөлігі құрбан шалушының өзінде қалып, қалғаны таратылады. Орталық мешіттен 20 отбасы ай сайын тұрақты көмек алып тұрады. Құрбандықтың бір бөлігі алдымен соларға жеткізілсе, одан бөлек жетімдер, қарттар үйлері бар.


Еске сала кетсек, биыл Құрбан айт мерекесі 12 қыркүйекке келеді.

Соңғы жаңалықтар