"Алматы Пауэр Консолидейтед" АҚ-ның өндірген өнімінің сапасы алтын медальға лайық деп табылды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тәуелсіз Business Initiatived Directions (B.I.D.) ұйымы тарапынан жыл сайын өткізілетін марапаттау шарасында "Алматы Пауэр Консолидейтед" АҚ-ның өндірген өнімінің сапасы алтын медальға лайық деп табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне АПК-ның баспасөз қызметінен хабарлады. |
Тәуелсіз Business Initiatived Directions (B.I.D.) ұйымының президенті Jose E. Prieto "АПК" АҚ-ның бас директоры Дамир Есжановқа International Quality Sammit Award сыйлығының Gold ( алтын жұлдыз) категориясын диплом-сертификатпен қоса табыс етті.
B.I.D. - дүниежүзінде сапа мәдениетін қолданысқа енгізу және оны дамыту жөніндегі 30 жылдық тарихы бар , JBAN тобына жататын халықаралық тәуелсіз ұйым.
Күні бүгінге дейін ұйымның бұл сыйлығына дүниежүзінің 166 кәсіпорны ие болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін