Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл жайлы полицейлерге көршісі хабарлады. Полицейлер аталған мекен-жайға барғанда үй құлыптаулы екен. Үй ішінде бүлдіршін қамауда болды. Баланың жағдайы мүшкіл болуы мүмкін болғандықтан, құтқару қызметкерлерінің көмегімен есікті бұзды. Шынында да қыз бала әбден соққының астына алынғаны байқалған соң, оны емханаға алып кетті. Дәрігерлер қыздың денсаулығын төнер қауіп барын айтып оны емханаға жатқызды. Оған балаларға қатал қарау салдарынан бас-сүйек ми жарақаты, бас жүйесінің соққы алуы, бет гематомасы диагнозы қойылды», – дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті ювеналды полиция қызметі бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейлә Әліпбаева.
Бүлдіршіннің анасы бірнеше ай бұрын да бала тәрбиесіне қатысты әкімшілік жауапқа тартылған.
«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Азаматша уақытша тергеу изоляторында. Сонымен қатар бұл жайлы хабарлаған көршісіне алғыс айтамыз. Қызды емханадан шығарған соң оның жағдайы қалай болатыны қарастырылады. Біз анасын ата-ана құқығынан айыруды талап етеміз», – дейді Әліпбаева.