Алматы полициясы ҰОС ардагеріне шабуыл жасаған адамды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы ҰОС ардагеріне шабуыл жасаған адамды ұстады

Алматы полициясы ҰОС ардагеріне шабуыл жасаған адамды ұстады

Алматы полициясы ҰОС ардагеріне шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін алып кеткен адамды ұстады.

  • 4 Мамыр 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz

32 жастағы алматылық 23 сәуірде Достық көшесі бойындағы үйлердің ауласында ҰОС ардагері Николай Зуевке күш көрсетіп, қолындағы пакетін алып кеткен. Болған оқиға ауладағы бейнебақылау камералардың біріне түсіп қалған.

Бұл бейнеролик әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қолданушылардың жаппай наразылығын тудырды.

«Аталған дерек бойынша біздің тергеу бөлімімен ҚР ҚК 191-бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция бөлімінің полицейлері аталған азаматты іздестіріп, ұстады. Ол адамның бейнесі камерада анық көрінбесе де, полиция қызметкерлері жедел түрде күдіктіні қолға түсірді», — деді қалалық ІІД Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков.

«Біз қылмыскерді таныдық. Оның ұсталғанына өте қуаныштымыз. Осы оқиғаны қоғамға жеткізуге үлес қосқан әр азаматқа, полицей өкілдеріне алғысымды білдіремін», — деді ардагердің қызы Ирина Зуева.