Алматы қалалық ІІББ полицияның жұмысына қолғабыс тигізген азаматтарды марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық ІІББ полицияның жұмысына қолғабыс тигізген азаматтарды марапаттады

Алматы қалалық ІІББ полицияның жұмысына қолғабыс тигізген азаматтарды марапаттады

Бүгін, 23-шілдеде өткен жарты жылдық қорытынды жиналыс барысында Алматы қалалық ІІББ полицияның қылмыстарды әшкерелеу жұмысына қолғабыс тигізген азаматтарды құнды сыйлықтармен марапаттады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Шiлде 2003
  • 432
Фото - Caravan.kz

Мәселен, қалалық ІІББ-ның бастығы Қалмұхамед Қасымовтың бұйрығымен «азаматтық міндетін адал орындап қырағылық, батылдық пен жүректілік танытқаны үшін» «Каре» ойын автоматтары салонының күзетшісі Жандос Қасенов , салон кассирлері Елена Ивашова мен Наталья Орловалар марапатталды. Осы адамдардың арқасында полиция салонға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлердің ізін суытпай қолға түсірген болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 25-ақпанында түні бойы салонда ойнаған белгісіз екеу салонның кассирін соққыға жығып, 100 мың теңге шамасындағы кірісті үптеп қашып құтылуға талпыныс жасаған болатын. Шақыру бойынша жеткен Алматы ІІББ-ның «Күзет» қызметінің жасағы тонаушыларды тауып ұстап алған. Қолға түсер сәтте тонаушылар қарулы қарсылық көрсетті.
Сондай-ақ, оққа ұшып мерт болған Джу Цзедзи есімді азаматтың мәйітін тауып полицияға хабар берген Рабиға Асаняева да Алматы қалалық ІІББ-ның құнды сыйлығына ие болды. Ол берген ақпараттың ізімен полиция қызметкерлері аталмыш төтенше ауыр қылмысты әшкерелеп, қылмыскерлерді құрықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар