Жарияланды: 450

Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады

Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында кадр алмастырулары болады. Бұл туралы бүгін, 9-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы, әділет саласының генерал-майоры Молдияр Оразалиев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

М.Оразалиевтің айтуынша, қазіргі жағдаймен қалалық ІІББ бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына Марат Қожаев, тергеу басқармасының бастығы болып Берік Қожамбердиев тағайындалды. Алматы қалалық ІІББ-ның құрылымында таяуда құрылған ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымынан үміткер ретінде Игорь Моргунның кандидатурасы ұсынылып отыр. Сондай-ақ, М.Оразалиевтің айтуынша, Алматы қалалық ІІББ-ның кадр және тәрбие жұмыстары жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалмақшы. Генерал-майордың хабарлауынша, "алабөтен құрылымдық өзгерістер болмайды. Бір айта кетерлігі, ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ІІМ-не тікелей бағынышты болып, есірткі саудасымен күрес басқармасы комитет түрінде қайтадан құрылады". М.Оразалиевтің айтуынша, басқармаға Станислав Ридный жетекшілік етеді. Жаңадан қүрыған ішкі қауіпсіздік және есірткі саудасымен күрес басқармалары ІІББ-ның құрылымында қалады, бірақ олардың мәртебесі өзгереді,- деді Алматы қалалық ІІББ-ның бастығы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін