Жарияланды: 410

Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық ІІД-іне бір университет ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6 қарашада 12 сағат 32 минутта Ішкі істер департаментіне Алматының Әуезов ауданы Жетісу-1 ықшамауданында орналасқан Қазақ жол қатынастары университетінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын хабар келіп түскен. 750 адам сыртқа шығарылды. "Арлан" арнаулы қызметі мен құтқару қызметі жүргізген арнаулы іс-шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ТЖМ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 және 17 қыркүйекте тағы да осы университетте жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат түсіп, ол табылмаған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін