Жарияланды: 1400

Алматы қалалық кардиология орталығында тұңғыш рет ашық жүрекке аортокороналық шунт жасау операциясы жасалды

Алматы. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қалалық кардиология орталығы ашық жүрекке жасалатын ең күрделі операцияның бірі - аортокоронарлық шунт жасау операциясын сәтті жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Операция Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдары Денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны және 2007 -2009 жылдары кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуді, Алматы қаласында 2007-2010 жылдары денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасалуда. Операция қазақстандық хиругтардың жоғары кәсіби біліктілігі мен қымбат аппаратура - ангиографтың арқасында жасалды. Бұл бағалы құралды Денсаулық сақтау министрлігі кезектен тыс бөлген болатын. Алматы қалалық Кардиология орталығының басты міндеті- сырқатқа дер кезінде консервативті және кардиохирургиялық көмек көрсету. Екі жыл ішінде қалалық кардиология орталығы биік межелерге қол жеткізді, қазіргі кезде жоғары білікті мамандар кардиохирургиялық көмекті халықаралық стандатрқа сай дер кезінде көрсетуге дайын. Қалалық Кардиология орталығының директоры Нұрлан Тұрдалиннің пікірінше, соңғы ай ішінде орталық мамандары жеті коронарография мен бір аортокоронарлық шунт жасау операциясын жүзеге асырды. Осылайша, орталықтың жетекші мамандары Елбасы мен Алматы қаласының әкімі алға қойған Қазақстан Республикасы мен Алматы қаласында денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі келелі міндеттерді ойдағыдай орындауда. 2008 жылдың қараша айында Алматы қалалық кардиология орталығына Европалық кардиологтар қоғамдастығымен бірігіп жұмыс жасау туралы ұсыныс түсті. Бұған Европалық кардиологтар қоғамдастығының президенті, танымал итальяндық дәрігер Роберт Ферраридің Алматыға сапары барысында қол жетті. Ол біздің қаламызда өткен "Жүректің коронарлық сырқаты: нақтылық пен болашақ" атты республикалық ғылыми- практикалық конференцияға қатысқан болатын. Аортокороналық шунт (АКШ) - шунттың көмегі арқылы жүрек артериясындағы қан айналымын қалыпқа келтіру үшін жасалатын операция. Бұл операцияны кардиохирургия саласында "жоғары ұшу" деп атайды. Оның жалпы құны - 7 мың доллар. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін