Жарияланды: 420

Алматы қалалық қаржы полициясы осы департаменттің инспекторына пара беруге талпынған екі Қытай азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады

Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті осы департаменттің аға инспекторына пара беруге талпынған екі Қытай азаматының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аты-жөні нақтыланбай отырған екі Қытай азаматы "тауарлық белгіні заңсыз пайдалану негізінде сауда-саттық жасау дерегіне байланысты В. есімді азаматтың үстінен жинақталған көпе-көрнеу заңсыз әрекеттерге қатысты материалдар бойынша" қаржы полициясы департаментінің аға инспекторына 118 мың теңге көлемінде пара бергендігі үшін 2003-жылдың 12-қыркүйегінде ұсталған. Аталмыш дерек бойынша, Алматы қалалық қаржы полициясы осы департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің лауазым иесіне пара беру жөніндегі 312-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 2003-жылдың 16-қыркүйегінде тұтқындарға пара беру жөнінде айып тағылды. Аталмыш қылмыстық істі тергеу аяқталып, айыптау жөніндегі қорытындымен прокурорға жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін