Жарияланды: 450

Алматы қалалық соттары 2003-жылдың алғашқы жартысында 3158 қылмыстық іс қарап, олардың 75 процентіне үкім шығарды

2003-жылдың алғашқы жартысында Алматы қалалық соттары 3158 қылмыстық іс қарап, оның 2366-сына немесе 75 процентіне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков баспасөз мәслихатында хабарлады.

Өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 3353 қылмыстық істі құрап, оның 73,7 процентіне қатысты шешім шығарылған. Есепті мерзімде үкім бойынша 2640 адам сотталған. Ал 2002-жылдың осы мерзімінде 2896 адам сотталған көрінеді. Сондай-ақ, 792 адамға қатысты сот үкіміне аппеляциялық тәртіппен қарсылық жарияланып, 4 адамға қатысты үкім өзгертіліпті (2002-жылы -23). Сондай-ақ, қалалық соттарда биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында 11085 азаматтық іс қаралып, олардың 61,5 процентіне қатысты шешім шығарылған. (2002-жылы 10550 және 61,1 процент болған). Алғашқы жарты жылда қаралған әкімшілік істер саны былтырғы 8133-тен 9042-ге дейін өсіпті. Соның нәтижесінде 2003-жылдың алғашқы жартысында 52,1 млн. теңгенің айыппұлы салынып, соның ішінде сотта ықтиярмен төленген айыппұлдар көлемі 14 млн. теңгені құрады. (2002-жылы тиісінше 43,3 млн. және 22,3 млн. теңге болған). Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында аудандық соттардың іс-қызметіне қатысты 266 арыз түсіп, оның 31-і дәлелденді. М.Әлімбековтың айтуынша, сот жұмыстарының сапасын арттыру үшін алдағы уақытта қалада қылмыстық істерді сот төрешілері арасында автоматты түрде тарату жүйесі енгізіліп, сот процессінің барысын толыққанды қадағалау мақсатымен барлық сот отырыстарын таспаға түсірудің электрондық жүйесі іске қосылады. Таспалардың көшірмесі оған қатысушыларға таратылатын болады

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть