Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті барлық монополистердің баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады
Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті қаладағы коммуналдық қызмет түрлерін ұсынушы барлық монополистердің 2003-жылдың 1-қазанынан бастап баға көтеру жөніндегі ұсыныстарын қабылдамай тастады. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте департамент директоры Нұрлан Алдабергенов хабарлады. |
Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Алматы пауэр консолидейтэд" ЖАҚ, "Горгаз", "Горводоканал" РМК тәрізді қаладағы барлық ірі кәсіпорындар баға қымбаттату туралы ұсыныс жасаған. Өтініш бойынша баға 10-50 процентке дейін қымбатталыуы тиіс еді.
Бұл орайда қаланың Түркісіб ауданының біраз бөлігін жылу энергиясымен қамтамасыз етуші "Солтүстік-шығыс энергетикалық кешені" кәсіпорнына ғана баға көтеруге рұқсат берілді. Кәсіпорын отын ретінде пайдаланатын табиғи газ бағасы өсуіне байланысты оған қызмет құнын 9 процентке өсіруге мүмкіндік берілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін