Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының бағасы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының бағасы қымбаттады

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының бағасы қымбаттады

Алматы мен Алматы облысында биылғы 1 қарашадан бастап электр тарифі өзгерді.

  • 26 Қараша 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Түбіршектердегі өзгерісті алматылық Гүлназ Исаева байқаған. Ол "Электрэнергия төлемі" бағанында цифрлардың өсіп кеткеніне және оның қымбаттайтынын ешкім ескертпегеніне наразы. 

"Бағалар орта есеппен бір теңгеге өсті, мұнымен келіспеймін. Себебі мен қарыз болып қалдым. Бұл тарифтердің қайсымен төлеуім керек, жаңасымен бе, ескісімен бе — білмеймін", — деді ол. 

Tengrinews.kz редакциясы "Алматы ЭнергоСбыт" ЖШС-дан ресми пікір сұраған. Мамандар электр энергиясының бағасын былтырғы қарашаның көрсеткішімен бірдей қылғандарын айтады. Компания тұтынушылардың қарыздарды жаңа тариф бойынша өтейтінін де ескертті. 

"Енді орташа сату тарифі немесе экономикалық негізделген тариф — сағатына бір киловатт үшін 18,32 теңге. Бұл ҚҚС-ты есептегенде. Бірінші деңгейдегі тариф — сағатына бір киловатт үшін 17 теңге, екінші деңгейдегі тариф — сағатына бір киловатт үшін 21,99 теңге, үшінші деңгейдегі тариф — сағатына бір киловатт үшін 27,48 теңге", — деді "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-да. 


Тарифтің өзгеруіне электр станцияларындағы бағаның өсуі себеп болған. Мысалы, "Мойнақ су электр стансасы" АҚ тарифтерді бірден 68 пайызға өсірген. Алматы мен Алматы облысына электр беріп отырған басқа да компаниялардың қызметі қымбаттаған. 

Соңғы жаңалықтар