Алматы қаласында 1248 адамға шетелге шығуға шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласында 1248 адамға шетелге шығуға шектеу қойылды

Алматы қаласында 1248 адамға шетелге шығуға шектеу қойылды

Алматы қаласында салық төлемеген 1248 адамға шетелге шығуға шектеу қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша салық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 19 Маусым 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

Шетелге шығуға шектеу қойылған азаматтардың жалпы қарызы 247 млн. теңгеге жеткен.   

Таяуда Алматы қаласының салық органдары сот актілерін орындау департаментімен бірлесе отырып, салықтық берешегі бар азаматтардың елден тысқары шығуларына шектеу қою бойынша арнайы іс-шаралар өткізген болатын. Соның нәтижесінде, 1248 борышкерге қатысты Қаулы шығарылды. Бұл Алматы қаласының сот орындаушыларының жыл басынан бері шығарған шектеулерінің 30 пайызын құрайды.        

Жалпы, Алматы қаласының сот актілерін орындау департаменті жыл басынан бері 4848 жеке тұлғаға қатысты Қаулы шығарған. Бұл азаматтардың алименттен бастап, жолда жүру ережесін бұзуға қатысты айыппұлдарға дейін сот актілері бойынша әр түрлі міндеттемелері болған. Олардың ішінде жоғарыда айтылғандай 1248 адамның салық бойынша қарыздары бар.

Салықтық берешегі бар сол 1248 адамның 334-і — қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметр болатын қымбат шетелдік автокөліктердің иегерлері.  Олардың төлемеген қарыздарының мерзімі — 1 жылдан 4 жылға дейін. 


Қазіргі таңда салық берешектерін өндіріп алу, соның ішінде мәжбүрлі түрде өндіріп алу жұмыстары күшейді. Жыл басынан бері сот органдарына берешектерді мәжбүрлі түрде өндіріп алу бойынша 2309 материал келіп түскен. Осы материалдар негізінде сот органдары 1850 борышкерге қатысты қарыздарын мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы бұйрық шығарды.